Германия фюрері(1933-1945),зұлым диктатор From Wikipedia, the free encyclopedia
Адольф Гитлер (нем. Adolf Hitler [ˈadɔlf ˈhɪtlɐ] тыңдау; 20 сәуір 1889[1][2], Браунау-ам-Инн, Аустрия-Мажарстан — 30 сәуір 1945, Берлин, Германия) — неміс саясаткері, нацизм идеологиясының және Үшінші рейх тоталитарлық диктатурасының негізін қалаушы. Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясының көшбасшысы, Германия фюрері және рейхсканцлері (1933—1945)[3][4].
Адольф Гитлер нем. Adolf Hitler | ||||
Ресми портреті, 1938 жыл | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
2 тамыз 1934 — 30 сәуір 1945 | ||||
Ізашары | Пауль фон Гинденбург (рейхспрезидент ретінде) | |||
Ізбасары | Карл Дөниц (рейхспрезидент ретінде) | |||
| ||||
30 қаңтар 1933 — 30 сәуір 1945 | ||||
Президент | Пауль фон Гинденбург (1933—1934) | |||
| ||||
21 шілде 1921 — 30 сәуір 1945 | ||||
Ізашары | Антон Дрекслер | |||
Ізбасары | Мартин Борман (партия істер министрі ретінде) | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Неміс жұмысшы партиясы (1919—1920) Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы (1920—1945) | |||
Азаматтығы | Аустрия-Мажарстан (1889–1925) азаматсыз (1925—1933) Германия (1933—1945) | |||
Дүниеге келуі | 20 сәуір 1889[1][2] Браунау-ам-Инн, Аустрия-Мажарстан | |||
Қайтыс болуы | 30 сәуір 1945 (56 жас) Берлин, Германия | |||
Әкесі | Алоис Гитлер | |||
Анасы | Клара Пөлцель | |||
Жұбайы | Ева Браун | |||
Әскери қызметі | ||||
Құрамында болды | ||||
Атағы | ефрейтор | |||
Қолтаңбасы | ||||
өңдеу |
Адольф Гитлер 1889 жылдың 20 сәуірінде қазіргі Аустрия елінің Браунау ам Инн жерінде дүниеге келген. Әкесі — кеден қызметкері Алойс Гитлер (нем. Alois Hitler) анасы — Клара Пөлцель (нем. Clara Pölzel). 1903 жылы әкесі, 1907 жылы анасы дүниеден өтеді. 1905 жылы мектепті аяқтамай тастап кетеді. Кейін Гитлер Австрияның астанасы, Вена қаласына қоныс аударады. 1913 жылы Германияның Мюнхен қаласына көшеді.
Гитлер Австриядан шыққан неміс саясаткері әрі диктаторы болды. Ол 1933 – 1945 жылдар аралығында канцлер болып билік етеді. Сондай-ақ, 1921 жылдан бастап НСДАП партиясының басшысы және нацистік Германияның көсемі болып та саналады. Канцлер болып тұрған шағында өзін неміс Рейхының ең жоғарғы қолбасшысы, лидері деп санады.
Атақты неміс филологы, ономастика бойынша маман — Макс Готтшальдың (1882—1952) ойы бойынша «Гитлер» (Hittlaer, Hiedler) тегі Hütler («бақылаушы», «орман қарғаушысы», Waldhütter) тегінен шыққан.
Гитлердің билігі тұсында елдегі ұлттық социалистер (нем. Nationalsozialisten) III Неміс Рейхының диктатурасын орнатты. Ұлттық социалистер билікке келгеннен бастап басқа партияларға шектеу қойылып, қысым жасалды. Кейбірін өздігінен жойылып кетуге дейінгі халге жеткізді.
Гитлердің саясатына қарсы келгендерді қудалап, концлагерлерге жер аударып жіберді. Тіпті, жазалаудың шектен шыққаны сонша, адамдарды өлтіруге дейін барды. Еуропалық Иудейлерді қырғынға ұшыратқан осы Гитлердің нацистік, фашистік саясаты мен оның жақтаушылары еді. Холакауст кезінде жазықсыз иудейлер өлтірілді. Олар үшін басқа этникалық топтар мен басқа діннің өкілдерінің көк тиындық құны болмады. Ақырында Екінші Дүниежүзілік Соғыстың отын тұтатты. Соның салдарынан Германияның көп бөлігі мен Еуропаның біраз бөлігі қирады, бүлінді. Екінші дүниежүзілік соғыста өлген 55 миллион адамның 6 миллионы еуропалық еврейлер, 30 миллионы славяндар болды.
Гитлердің жиырма бес жасына дейін атқарған немесе атап айтарлықтай іс-әрекеті болмаған. 25 жылдық өмірінде мамандыққа қатысты білімі болмаған, әлеуметтік және қоғамдық өмірде де белсенді болмаған. Алайда, аздаған жылдар арасында немістердің еліне барып ел билігін қолына алып, диктатор болады. Саясатқа келген кезіндегі ол жайлы мәліметтер құпия болатын.
Ол өзінің қарсыластарына айтқан сөзінде:
Сіздер менің қайдан келгенімді және қандай отбасынан шыққанымды білуге тиісті емессіздер— Адольф Гитлер
— деп айтқан екен. Майн Кампф, Менің күресім (нем. Mein Kampf) еңбегінде бұрынғы өмірінің нацистік түсінікте қалыптасқан мықты тұлға болуға өзін-өзі тәрбиелегенін айтады.
Адольф Гитлер өмірінің соңына дейін христиан дінінің католиктік бағытын ұстанған. Оның ең сенімді адамдарының бірі Альберт Шпеер Гитлердің шіркеулерге деген көзқарасының оң болмағанын айтады. Әртүрлі ортада әртүрлі ой білдірген. Шіркеулерді халықты ұстап отыратын күшті элемент деп те қарастырған.
Гитлер 1930 жылдан бастап вегетариан болған. Ол жайлы оның өмірін зерттеген адамдар да бірауыздан келіседі.
1933 жылдан бастап Гитлер өзінің қалауы бойынша көшелер мен орталық алаңдарды өзінің атымен атай бастайды. Кез-келген елді мекендер мен қалаларда Гитлердің атымен аталатын көше және алаңдар болды. Ол әсіресе, өзіне ұнамайтын адамдардың атына ие көшелер мен алаңдарды өзгертті. Біраздан соң НСДАП партиясы елдегі жаңа көше мен алаңдарға Гитлердің саясатын қолдаған тұлғалардың есімін беру туралы заң шығарды. Партияның жастар қанатын Гитлер жастары деп өзгертті. Сондай-ақ, стадиондар, мектептер, қалашықтар Гилердің атымен немесе Гитлердің қарамағында екендігін білдіретін атаулармен аталды.
1945 жылы 30 сәуірде Берлин қаласындағы бункерінде өзіне-өзі қол жұмсап мерт болады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.